Көңіл айту жеделхатын өз мемлекеттерінің халқы атынан Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Виктор Янукович, Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов жолдаған. Сонымен қатар, көңіл айту жеделхаты ҰҚШҰ хатшылығы атынан ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжадан келді. Көңіл айту жеделхаттарын жолдағандар апат туралы хабарды күйзеле отырып қабылдағандарын атап өтіп, осыған байланысты қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, қолдау білдірген.