National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамадан хат келді

2013 жылғы 21 маусым

 

Өз хатында Б.Обама Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап екі ел арасындағы қарым-қатынастардың серпінді дамуына қатысты Нұрсұлтан Назарбаевтың оң бағасына қосылатынын атап өткен.

«АҚШ пен Қазақстан арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы диалог қазіргі заманғы сын-қатерлерді еңсеруде ортақ көзқарас пен ұстанымның дәлелі болып табылады. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру ісіндегі берік ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздердің елдеріңіздің көмегі ауғандықтар өмірін жақсартуға және осы елдегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі халықаралық күштердің тиімділігіне оң ықпал етеді», - делінген хатта.

Б.Обама Қазақстан Президентін Америка әскери бөлімшелерінің шығарылуы қарсаңында Америка Құрама Штаттары Ауғанстандағы және бүкіл өңірдегі іске алдағы уақытта да кеңінен қатыстырылатынына сендіреді. Ол екі мемлекеттің Ауғанстан халқының өсіп-өркендеуіне жағдай жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, теріс пиғылды күштердің ешқашан бұл елден баспана таба алмауына бірдей мүдделі екенін атап өтті.

АҚШ Президенті ядролық қауіпсіздік және оны таратпау мәселесі оның әкімшілігі үшін басымдылық болып саналатынына тоқталды. Осы орайда, ол Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның, Америка Құрама Штаттарының және бүкіл әлемнің қауіпсіздігінің оң нәтижесін қамтамасыз еткен осы бағыттағы көшбасшылығы үшін өз ризашылығын білдіретінін атап өткен. Сондай-ақ, Б.Обама Иран ядролық бағдарламасы мәселесі жөніндегі «5+1» форматында келіссөздерді ұйымдастырудағы және жүргізудегі Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалады.

Б.Обама Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесін қоса, саяси және экономикалық жаңғырту мәселелерінде Америка Құрама Штаттарының нақты қолдауына ие болатынын атап өткен. Бұл ретте ол демократиялық даму және транспарентті нарықтық экономика екі ел арасындағы ұзақ мерзімді тұрақтылыққа және берік достыққа нақты кепіл болып саналатыны туралы пікір білдірген.

Хат соңында АҚШ Президенті екіжақты күн тәртібінде белгіленген және өзге де көптеген мәселе жөніндегі екі елдің одан арғы жемісті ынтымақтастығына сенім артты.     


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің