Г.Шрёдер Астананың «ЕХРО-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізетін орын болғаны жайлы хабарды зор қуанышпен қабылдағанын атап өткен. «Федералдық канцлер ретінде маған «ЕХРО-2000» көрмесін Ганноверде өткізу мәртебесі бұйырды. Бұл бүкіләлемдік көрме Германияның халықаралық беделін нығайтуға маңызды үлес қосты. 2017 жылы Астанада өтетін бүкіләлемдік көрме Сіздің еліңіздің жаңғыру ісіндегі маңызды қадамға айналатынына сенімдімін» деп жазады Г.Шрёдер. Хат соңында автор Нұрсұлтан Назарбаевқа және бүкіл елге осы аса маңызды іс-шараны дайындау мен өткізуде табыстар тілейді.