National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Түркияда қарулы төңкеріс жасау әрекеті болуына байланысты Президент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхат жолдады

2016 жылғы 16 шілде

Жеделхатта Елбасының жекелеген теріс пиғылды күштердің Түркияда қарулы төңкеріс жасау әрекеті туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағаны атап өтілген.


«Қайғылы оқиға салдарынан барлық қаза болғандар мен зардап шеккендер отбасыларының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Бауырлас түрік халқын бірлікке және болған оқиғаға қатысты төзімділік танытуға шақырамыз. Жағдайдың тезірек ретке келетініне сенімдіміз. Түрік халқы мемлекеттің демократиялық жолмен сайланған қазіргі басшылығымен бірге барлық сын-қатерлерге төтеп беріп, демократия және өркендеу жолындағы тұрақты дамуын жалғастыратынына еш күмән келтірмейміз», – делінген жеделхатта.


Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға тілектестігін білдіріп, достас елдердің жарқын болашағына сенімділігін жеткізді.

 

 

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің