National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты Германия Федеральды канцлері Ангела Меркельдің құттықтауы

2015 жылғы 07 шілде

 

А.Меркель өз құттықтауында Қазақстан мен Германияны түрлі саладағы тығыз серіктестік біріктіретініне тоқталған.

«Халықаралық қоғамдастық үшін өзекті болып отырған сын-қатерлер жағдайында Қазақстан аса сындарлы рөл атқаруда. Елдеріміз арасындағы өзара сенімді және серіктестік қарым-қатынастарды арттыра түсу, сондай-ақ  Қазақстанда демократияны, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қағидаттарын дамыту ісінде Сіз алдағы уақытта да Федеральды үкіметтің қолдауына сенім арта аласыз», – делінген жеделхатта.

Германия Федеральды канцлері Нұрсұлтан Назарбаевқа бақ-береке, мықты денсаулық және табыс тіледі.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің