Ч.Тан Шанг Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан айтарлықтай дамуға, әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа, экономикалық өсімге, халық тұрмысының жақсаруына қол жеткізгенін атап өткен. «Қазақстан Орталық Азияда күннен күнге жетекші рөл атқарып, халықаралық аренадағы өз ұстанымын нығайтып келеді. Екі ел арасындағы соңғы жылдардағы қол жеткізілген нақты жетістіктерге қанағаттанатынымды білдіремін. Әсіресе, Вьетнам мен ЕАЭО арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылғаннан бері экономика мен сауда, мұнай-газ саласы біздің елдеріміздің ынтымақтастығының негізгі бағыттары болып саналады», – делінген жеделхатта. Вьетнам Президенті аталған келісімнің күшіне енуі жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, екі елдің дамуын қамтамасыз етуге септігін тигізетініне сенім білдірді. Ч.Тан Шанг Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт және жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқының «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінде одан әрі өсіп-өркендеуіне ниеттестігін жеткізген.