National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан құттықтау жеделхаты келіп түсті

2015 жылғы 27 сәуір

 

Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген.

– Өзінің ерік-қалауы арқылы Қазақстан халқы елді өркендетуге, оның халықаралық аренадағы беделін үздіксіз арттыруға және халқының бақуаттылығына бағытталған Сіздің жасампаз саясатыңызды кеңінен және шүбәсіз түрде қолдайтынын бүкіл әлемге паш етті. Бұл жолда жеткен жетістіктер Сіздің есіміңізбен тікелей байланысты, – делінген жеделхатта.  

Тәжікстан Президенті сондай-ақ өзара тиімді екіжақты қарым-қатынастың дамуын атап өткен.

– Сіз алда да елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы өзара ықпалдастықтың аясы кеңейе, тереңдей түсуіне септігіңізді тигізе беретініңізге сенімдімін. Өз тарапымыздан біз екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюы үшін қажетті нәрсенің барлығын жасайтын боламыз, – делінген жеделхатта.

Соңында Эмомали Рахмон Мемлекет басшысына мықты денсаулық, ұзақ өмір, Қазақстанның дамуы жолында тың табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің