Режеп Ердоған түрік халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. – Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бастамаларын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Біздің елдеріміздің арасындағы тілдік, мәдени және тарихи байланыстардың ортақтығына негізделген стратегиялық серіктестік бұдан әрі де халықтарымыздың игілігі үшін, сондай-ақ өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дами беретініне тағы да сенім білдіремін, – деп атап өтілген жеделхатта. Сонымен қатар, Режеп Ердоған таяуда Қазақстанға жасаған сапары кезіндегі жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді. Соңында Түркия Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт, табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі