National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының атына Ливан Парламенті «Мустакбаль» партиясы парламенттік блогының көшбасшысы, экс-Премьер-Министр Фуад Синиорадан хат келді

2014 жылғы 03 сәуір

 

Автор өзінің хатында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына биылғы Жолдауымен зор қызығушылық білдіре отырып танысып шыққанын, онда елдің болашағы  көрініс тапқанын және басты мақсатқа – Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға  қол жеткізу жолдары айқындалғанын айтады.

Ф.Синиора Жолдауда аталған даму бағыттарының араб және мұсылман әлемі үшін ерекше мәні бар екенін атап өткен.

«Сіз біздің ислам әлеміндегі талқылауларымызда айтыла бермейтін аса маңызды тақырып – өсім, жаңғырту және экономикалық дамудың маңызды әрі тиімді біріктірушілік қағидаттар болып саналатыны туралы айттыңыз», – делінген хатта. 

Автор Қазақстанның даму жолында алға қойған мақсаттарға қарай қадам баса отырып, өзге мұсылман және араб елдері үшін үлгі болатынына сенім білдіріп, хат соңында Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және барлық ойға алған жоспарларын іске асыру жолында табандылық тілеген.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің