National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Каир қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2016 жылғы 12 желтоқсан

Мемлекет басшысы террорлық акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Оқиға құрбандарының басым көпшілігі әйелдер мен балалар екені бәрімізді де бей-жай қалдырған жоқ. Қазақстан қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризм актілерін қатаң айыптайды. Каирдегі террорлық акт өркениетті әлемде радикалды топтар мен олардың идеологиясына орын жоқ екеніне тағы да көзімізді жеткізді», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ барша Мысыр халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің