Қазақстан Президенті Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына шын ниетімізбен ортақтастығымызды білдіреміз», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.