Ш.Ахтар Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Біздің комиссия мен Қазақстан арасында өзара іс-қимылдың ұзақ әрі жемісті тәжірибесі бар. Мен Сізге осы жылдар ішіндегі тығыз ынтымақтастық үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстанның энергетика және қоршаған орта сияқты негізгі салалардағы көшбасшылығы болашақта да жалғаса беретіндігіне сенімдімін. Комиссия Сіздің елдің осы бағыттағы күш-жігерін қолдауға дайын», – делінген жеделхатта.