National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Мұхаммад Наваз Шарифтің құттықтау жеделхаты

2015 жылғы 01 мамыр

 

М.Н.Шариф Пәкістан Үкіметі мен жеке өзінің атынан құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы айқын жеңісі мен сайлаушылардың жоғары белсенділігі Қазақстан халқының өз Көшбасшысының ел мемлекеттілігін табысты дамытудағы еңбегін халықтың даусыз мойындайтынын, сондай-ақ жасампаз әрі көреген саясатқа деген сенімнің жоғары деңгейін айғақтайтынын атап өтеді.

Пәкістан Премьер-Министрі Қазақстан Президентінің елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін атап өтті.

«Сіз ұсынған бес реформа экономиканың одан әрі өсуіне, орта таптың нығаюына, Қазақстан халқы бірлігінің күшеюіне, елдің өркендеуі мен халықаралық аренадағы беделінің артуына септігін тигізетініне сенімдімін», – делінген құттықтауда.

М.Н.Шариф Қазақстан мен Пәкістан қарым-қатынастары дәстүрлі достық, тарих, мәдениет және бауырластықтың көпғасырлық байланыстарына негізделгенін айтты.

«Елдеріміздің арасында өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор әлеует бар. Екіжақты ынтымақтастықтың өзара мүдделілігі бар нақты мәселелерін Сізбен бірге талқылау мүмкіндігін тағатсыздана күтемін», – делінген жеделхатта. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің