А.Меркель өз құттықтауында Қазақстан мен Германияны түрлі саладағы тығыз серіктестік біріктіретініне тоқталған. «Халықаралық қоғамдастық үшін өзекті болып отырған сын-қатерлер жағдайында Қазақстан аса сындарлы рөл атқаруда. Елдеріміз арасындағы өзара сенімді және серіктестік қарым-қатынастарды арттыра түсу, сондай-ақ Қазақстанда демократияны, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қағидаттарын дамыту ісінде Сіз алдағы уақытта да Федеральды үкіметтің қолдауына сенім арта аласыз», – делінген жеделхатта. Германия Федеральды канцлері Нұрсұлтан Назарбаевқа бақ-береке, мықты денсаулық және табыс тіледі.