П.Мукерджи Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Сіздің сайлаудағы жеңісіңіз – Қазақстан халқының Өзіңізге деген зор сенімінің айғағы. Қазақстанды мықты әрі өркендеуші мемлекетке айналдыруға бағытталған қажырлы еңбегіңіз өз жемісін беретініне сенімдімін», – делінген хатта. Үндістан Президенті ортақ мүдделілік бар бірнеше салада өзара тиімді қарым-қатынастардың орныққанына қанағаттанатынын жеткізді. Ол сондай-ақ Үндістанның екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынына сендірді. Соңында П.Мукерджи Қазақстан Президентіне мықты денсаулық және табыс тілеп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне ниеттестік білдірді.