Д.Ки Қазақстан мен Жаңа Зеландия әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшелері екенін атап өткен. «Біздің көптеген салаға, соның ішінде ядролық қарусыздануға, жаңғыртылатын энергияға, сондай-ақ климаттық өзгерістер ықпалына қатысты ортақ мүдделеріміз бар», – делінген хатта. Жаңа Зеландия Премьер-Министрі Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік лауазымына, сонымен қатар Қазақстанға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануына қатысты науқанға орай табыс тіледі.