National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

 

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының тәуекелдер контекстінде ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың өңірлік даму мәселесі қаралды.

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров өңірлік дамудың негізгі мәселелерін белгілеп, өңірлік саясаттың аса маңызды басымдықтарына назар аударды.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы проблемалар мен тәуекелдер анализіне, саяси тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында әлеуметтік-экономикалық дисбалансты минимизациялауға ерекше көңіл бөлді.

 Сарапшылық кеңестің мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары өңірлік дамудың маңызды проблемасын, соның ішінде, аталған саладағы мемлекеттік, салалық бағдарламалардың іске асырылу барысын; өңірдің экономикалық дамуының бірқалыпты еместігін, селолық аумақтар мен шағын қалалардың даму мәселесін; ұлттық-демографиялық құрылым құру саласындағы үрдісті;  сыртқы және ішкі көші-қон мәселесін; сондай-ақ, өңірдегі  әлеуметтік мәселелер кешенін талқылады. 

Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қ.Қожамжаров Сарапшылық кеңесінің жұмыс қорытындысы бойынша өңірлік саясаттың ұзақ мерзімді стратегиялық көрінісіне және кешенді тәсілдерге назар аудара келе, мемлекеттік органдар және сарапшылық бірлестіктер алдындағы нақты міндеттерді белгілеп берді.

 

 

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы