National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңес ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарады

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңесінің «Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті проблемалары» атты отырысы өтті.

Отырысқа ақпараттық қауіпсіздікке жауапты мемлекеттік органдардың басшылары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Астана» халықаралық университетінің ғылымдар мен сарапшылар, «Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік ассоциациясы», «Қазақстанның интернет Ассоциациясы», «Қазақстандық медиа-альянсы», «Өңірлік БАҚтардың Альянсы», «Кибершабуылдарды зерттеу және талдау Орталығы», сондай-ақ, ақпараттық техникалық қорғау құралдарды отандық өндірушілер қатысты.  

Қалмұханбет Қасымов ақпараттық қауіпсіздік елдің ұлттық қауіпсіздігінің басты діңгегі болып отырғанына тоқталды. Бұл  мәселе экономикалық, қоғамдық, саяси және басқа да салаларға әсерін тигізеді.

Сарапшылар ақпараттық қауіпсіздік мәселесін ақпараттық және киберқауіпсіздік бағыттарында (ақпараттық ресурстардың, байланыс арналардың және т.б. техникалық қорғауы) талқылады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баяндамасында билікпен қоғам арасындағы диалогты нығайту, қазақстандық БАҚ-тардың бәсекелестігін арттыру және медиа кеңістігін реттеу заман талаптарына ыңғайлану мәселелері айтылды. 

Қазақстандық медиа және интернет-қауымдастығының өкілдері дәстүрлі ақпарат құралдарына бәсеке ретінде әлеуметтік желілердің де дамып жатқанына көңіл аударды. Бүгінгі күнде әлеуметтік желілер халық үшін ең танымал және қол жетімді байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар жағымсыз әсері де аз емес екені айтылды.                

Ел ішінде тұрақсыздық туындату мақсатында қасақана жалған ақпараттар тарату мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл мәселеге қатысты Сарапшылық кеңес медиа-қоғамдастықты ақпаратты тарату мұқият болуға,  жауапкершілігін сезінуге шақырды.                 

Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің ашықтығын атап өтті. «Цифрлы Қазақстан», «Азаматтарға арналған үкімет» бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр.               

Сарапшылар біздің мемлекеттің әлемнің ақпараттық және цифрлық кеңістігіне бірігуі де қосымша қауіп-қатерлер тудыратынына тоқталды. Нақты айтқанда, жеке азаматтар ғана емес, мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдар, тіпті, стратегиялық нысандар кибершабуылдарға ұшырап жатады. 

Отырыстың соңында Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымов Қазақстанның даму жолындағы тарихи кезеңінде мемлекет пен қоғамдық институттардың өзара бірлесіп, сыртқы деструктивті әсерге жол бермей, ақпараттық кеңістіктің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сарапшылық кеңестің қорытындысы бойынша отандық мамандар Қауіпсіздік Кеңесі үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған кешенді кеңестер жиынтығын ұсынды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару