National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он үшінші кездесуіне қатысты

Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының он үшінші кездесуі өтті.

Күн тәртібінің негізгі тақырыбы ретінде терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы көп жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жиында делегация басшыларымен қатар, ШЫҰ Бас хатшысы Р.Алимовтың және ШЫҰ Терроризмге қарсы күрес жүргізудің аймақтық құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Е.Сысоевтың 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары жөніндегі баяндамалары тыңдалды.

Басқосуда сөз сөйлегендер өз мемлекеттерінің құзырлы органдарының ШЫҰ аясында және ұлттық деңгейде заңсыз есірткі айналымымен, трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен, киберқылмыспен және кибертерроризммен күрес жүргізу жолында қабылданып жатқан шаралары жөнінде мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев өз баяндамасында терроризм және экстремизм қауіп-қатерлерімен күресу үшін әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін БҰҰ аясында жұмылдыру жолында еліміз тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Форумға қатысушыларды Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі мінез-құлық кодексінің жобасын іске қосу жөніндегі Қазақстан бастамасымен таныстыру мәселесіне баса мән берілді.

Бұл бастаманың мақсаты – 2045 жылы, яғни БҰҰ-ның жүз жылдық мерейтойы қарсаңында, терроризмнен азат әлемге қол жеткізу және әріптес мемлекеттермен ауқымды халықаралық коалиция құру.

Қазақстан делегациясының басшысы ШЫҰ мүше мемлекеттерінің құзырлы органдарын ақпараттық кеңістіктегі қатерлер мен сын-тегеуріндерге қарсы іс-қимыл жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды зиянды мақсатпен пайдалануға, соның ішінде террористік және қылмыстық мақсатпен пайдалануға қарсы күресу үшін ынтымақтастықты жандандыруға шақырды.

Н.Ермекбаев ШЫҰ мүше мемлекеттерінің құзырлы органдары заңсыз есірткі айналымымен күрес саласында жүзеге асырып жатқан бірлескен шараларын қолдай отырып, өзге де халықаралық құрылымдармен, ең алдымен БҰҰ бастамасымен әрекет ететін БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен және Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды.

Шанхай ықтымақтастық ұйымына 2017 жылы Үндістан мен Пәкістан мүше болғандықтан осы жиынға қатысушылар форматының кеңейе түсуі Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының Бейжіңдегі кездесуінің ерекшелігі болды.

Шараға қатысқан делегация басшылары Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қабылдауында болды.

Сондай-ақ, қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуі аясында Н.Ермекбаев ҚХР мен Үндістан делегация басшыларымен екі жақты консультациялар өткізді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: