National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов пен Ауғанстан Ислам Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Ханиф Атмардың төрағалығымен Қазақстан мен Ауғанстанның Қауіпсіздік Кеңестерінің аппараттары арасында жоспарлы консультациялар өтті

Іс-шараға екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері де қатысты.

Кездесу барысында екі елдің өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен діни экстремизмге қарсы, трансшекаралық қылмыспен және заңсыз есірткі саудасымен күресудегі ынтымақтастық саласындағы серіктестікті нығайту мәселелері қаралды.

В.Жұмақанов консультациялардың қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықтың түбегейлі мәселелері жөнінде екі ел ұстанымдарының ұқсас екенін атап өтті.

Х.Атмар Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті нығайтып, Ауғанстан экономикасын қалпына келтіруге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қазақстан мен Ауғанстанның Қауіпсіздік Кеңестері аппараттары арасындағы консультацияларды тұрақты негізде өткізу ұсынылды.

Ауғанстанның Қауіпсіздік Кеңесінің делегациясы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін де аралап көрді. Ауғанстандық әріптестер көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізіліп отырғанын атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару