National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов пен Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовтың төрағалығымен Қазақстан мен Өзбекстан Қауіпсіздік Кеңестерінің аппараттары арасындағы жоспарлы консультациялар өтті

Іс-шараға екі елдің бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық орнату, мемлекеттік шекараны күзету, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын пайдалану салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері қаралды.

Сонымен бірге, В.Жұмақанов дін саласын мемлекеттік реттеу аясында тәжірибе алмасудың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, құқық қорғау саласында тұрақты ақпарат алмасып, екі елдің мамандары арасында кездесулер өткізу ұсынылды.

Талқылаулар қорытындысы бойынша тараптар бірлесе қабылданған шешімдерді одан әрі іске асырудың нақты қадамдары жөнінде уағдаласты.

Өзбекстан Қауіпсіздік Кеңесінің делегациясы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін аралап көрді. Өзбек әріптестеріміз көрмені ұйымдастыру және өткізу деңгейін жоғары бағалады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы