National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік қеңестері хатшыларының бесінші кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов биылғы 22 қарашада Мәскеу қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік қеңестері хатшыларының бесінші кездесуіне қатысты.

Іс-шара барысында делегациялар басшылары ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке төніп тұрған қазіргі қауіп-қатерлер тұрғысынан аймақтық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Ауғанстандағы ахуал мен Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету жөніндегі шаралар, радикалдық діни ағымдардың таралуына қарсы тұру, сондай-ақ эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Биылғы 23 қарашада Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестері аппараттары деңгейіндегі кезекті екіжақты консультациялар аясында В.Жұмақанов ресейлік әріптесі Н.Патрушевпен келіссөз өткізді.

Қазақстан мен Ресейдегі ұлтаралық саясат саласын қоса алғанда екіжақтық қарым-қатынастардың кең ауқымды бағыттары бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, консультациялар барысында экологиялық қауіпсіздік мәселелері және екі ел халқының денсаулығын сақтау жөніндегі шаралар қарастырылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы