2019 жылғы 8 қазанда бірінші рет Қазақстан кәсіподақтары күнін ресми мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының атынан түрлі салалардың еңбек ұжымдарының өкілдеріне деген тілегін білдіріп, жұмыскерлердің жай-күйін жақсартудағы кәсіподақтардың жоғары рөлін атап көрсетті.