Іс-шараға екі елдің бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық орнату, мемлекеттік шекараны күзету, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын пайдалану салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері қаралды. Сонымен бірге, В.Жұмақанов дін саласын мемлекеттік реттеу аясында тәжірибе алмасудың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, құқық қорғау саласында тұрақты ақпарат алмасып, екі елдің мамандары арасында кездесулер өткізу ұсынылды. Талқылаулар қорытындысы бойынша тараптар бірлесе қабылданған шешімдерді одан әрі іске асырудың нақты қадамдары жөнінде уағдаласты. Өзбекстан Қауіпсіздік Кеңесінің делегациясы «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін аралап көрді. Өзбек әріптестеріміз көрмені ұйымдастыру және өткізу деңгейін жоғары бағалады.