National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі

Ақпараттық ресурстарды қорғау

бөлімінің меңгерушісі

Ержан Нұраханұлы СЕЙІТҚҰЛОВ

1979 жылғы 4 сәуірде дүниеге келген.

2001 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, информатика, есептеуіш техника және басқару саласының қауымдастырылған профессоры. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Нью-Йорк Штатының университетінде «Ақпаратты қорғау әдістері мен жүйелері, ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2002 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Астанадағы қазақстандық филиалында математика пәнінің оқытушысы болып бастаған.

 2007-2011 жылдары – аға оқытушы, доцент, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ақпараттық технологиялар факультеті деканының ғылым жөніндегі орынбасары;

 2012-2022 жылдары  – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ғылыми-зерттеу институтының директоры;

2022 жылғы тамыздан Қазақстан Республикасы Іс Басқармасы «Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК директоры болып қызмет атқарды.

2023 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2023 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2024 жылғы 1 тамызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты  (2006). Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған (2022).

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару