National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Цифрландыруды дамыту бөлімі

Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі

Қуат Жалалитденұлы Сандалов

1986 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген.

2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің математика және ақпараттық технологиялары факультетін бітірген.

2023 жылы Назарбаев Университетінде Executive MBA дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2008 жылы «Mobile Realty» ЖШС IT маманы болып бастаған.

2009-2010 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бас сарапшысы, кейін IT сәулетшісі ретінде жұмыс істеді.

2010 жылдан 2014 жылға дейін – «ENRC Kazakhstan» ЖШС ақпараттық жүйелер менеджері/бағдарлама қосымшаларының сәулетшісі.

2014 жылғы қыркүйектен 2016 жылға дейін – TIMWE бағдарламалық қосымшалар әзірлеу жөніндегі жоба менеджері.

2016 жылдан 2024 жылға дейін – «Қазақтелеком» АҚ IT департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды, соның ішінде цифрландыру және үлкен деректерді басқару (CDO) директоры болды.

2024 жылғы 1 тамызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару