National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Ішкі саясат бөлімі

Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

Елнұр Сабыржанұлы БЕЙСЕНБАЕВ

1986 жылы 27 маусымда Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келген.

2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы осы оқу орнында «Саясаттану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

2010-2012 жылдары – «Жастар Үні» жастар қоғамдық ұйымының төрағасы.

2012-2015 жылдары – Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі.

2012-2015 жылдары – Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Алматы қалалық филиалы қоғамдық бірлестігінің хатшысы.

2015-2016 жылдары – Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар жобалары және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы.

2016-2017 жылдары – Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

2017-2018 жылдары – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің директоры.

2019-2020 жылдары – Астана қаласы әкімінің кеңесшісі.

2020-2021 жылдары – «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы.

2021-2023 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі.

2023-2026 жылдары – ҚР Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

2026 жылғы 8 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Отбасылы, төрт баланың әкесі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы