Дәурен Тілекұлы ЕРҒАРИН
1982 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2002 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 2006 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
2004-2012 жылдар аралығында Батыс Қазақстан, Алматы облыстары бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінің жедел және басшылық құрамдарында қызмет етті.
2015-2018 жылдар аралығы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, басқарма басшысының орынбасары, жедел басқарманың басшысы;
2018-2019 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жедел департаменті басшысының орынбасары, басшысы;
2019-2020 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үшінші департаментінің басшысы;
2020-2021 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы және Қызылорда облысы бойынша департаменттері басшыларының орынбасары;
2021-2022 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анықтау және жолын кесу қызметінің басшысы;
2022 жылдың маусым-желтоқсан аралығы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы;
2022-2024 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы;
2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың ақпанына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2025 жылғы 17 ақпанда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.