Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі
Қанатбек Бақытұлы ЖАЙСАҢБАЕВ
1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында туылған.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.Сонымен қатар Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономика университетін 2012 тамамдап, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылордадағы филиалында оқытушы болып бастады.
2001 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттық әкімшілендіру комитетінің Қызылорда облысы бойынша Сот әкімшілігінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2001 жылғы желтоқсан айында Қызылорда облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің бас маманы, кейін 2003 жылғы қыркүйектен бастап осы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.
2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Құқықтық қамтамсыз ету басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.
2007-2008 жылдар аралығында «Kazakh Integrated Services» ЖШС және «CNRG Capital» ЖШС-ның Астана қаласындағы өкілдігінде заңгер болып қызмет етті.
2008-2016 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, аппарат басшысы лауазымдарын атқарған.
2016 жылғы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2021 жылғы сәуірден – 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
2022 жылғы 9 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
«Құрмет» орденімен (2018) және естелік медальдармен марапатталған.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.