Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және ол 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлықпен құрылды.
Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылығына қарсы іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
Комиссияның отырыстары қажетіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі, олар Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін.
Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімі.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары басқарады. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Комиссияның хатшысы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы:
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы.
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары;
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;
Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша).