National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және ол 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлықпен құрылды.

Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылығына қарсы іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.

Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі, Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Комиссияның хатшысы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы

Комиссия мүшелері:

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

 

Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару