National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия

Жалпы ережелер

1. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

Комиссияның негiзгi мiндеттерi

1. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің тендігіне қатысты басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;

2) мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен отбасының мүдделерiн қорғау, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын iске асыру мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасау;

3) әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуал мәселелерiн талдау және Қазақстан Республикасындағы гендерлiк және отбасылық-демографиялық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша мемлекеттiк органдарға ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау;

4) мыналарға:

экономикалық салада әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге, әйелдер арасында кәсiпкерлiктi одан әрi дамытуға, еңбек нарығында әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыруға;

еңбек қызметiн үй шаруасы мiндеттерiмен және бала тәрбиесiмен ұштастыру жөнiнде отбасы мүшелерiне жағдай жасауға;

отбасы институтын нығайтуға, отбасы қарым-қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткiзуге;

халықтың денсаулығын, оның iшiнде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмiр сүру деңгейiн арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеуге;

отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түбiрiмен жоюға және ерлерге, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестiң халықаралық тәжiрибесiн енгізуге;

халыққа гендерлiк бiлiм беру мен оқу-ағартуға, қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, саяси және мәдени өмiрiндегi отбасының, әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің нақты жағдайын талдау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзуге, ақпараттық базаны қалыптастыруға;

 демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;

5) Комиссияның құзыретiне кiретiн проблемалар бойынша мемлекеттiк органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын қарау, олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентiне тиiстi ұсынымдар дайындау;

6) мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының отбасы және гендерлiк теңдiк мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде Мемлекет басшысы үшiн ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдау;

7) Қазақстандағы отбасы және гендерлiк теңдiк жағдайы аспектiлерiнiң неғұрлым толық көрiнiс табуы мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасау;

8) отбасы мәселелерiне, жыныстар теңдігінің сақталмауына қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;

9) әйелдер, отбасы және демография мәселелерi жөнiндегi тұжырымдамаларды, мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;

10) отбасы және әйелдер жағдайын жақсартуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға және қарауға қатысу;

11) гендерлiк-құқықтық сараптамаға бастамашылық жасау және оны жүргiзу;

12) мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, халықаралық бастамаларды iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау, әйелдер, отбасы және демография жағдайы мәселелерi жөнiндегi конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу болып табылады.

Комиссияның өкiлеттiктерi

1.Комиссия өз құзыретi шегiнде:

1) Мемлекет басшысына тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын өз отырыстарында тыңдауға;

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;

3) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларынан жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiне қатысты заңдардың бұзылу фактiлерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тергеулер жүргiзудi талап етуге;

4) Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын Қазақстан Республикасы Президентi актілерiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерінің жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерiн қозғайтын жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;

5) Комиссияның құзырына жатқызылған мәселелердi қарауға мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн, сондай-ақ Комиссия отырыстарын дайындауға, бағдарламалар әзiрлеуге және тексерулер жүргiзуге қатысу үшiн штаттан тыс сарапшылар ретiнде беделдi әрi кәсiби дайындығы бар жұртшылық өкiлдерiн тартуға;

6) Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері жанындағы комиссиялардың қызметін үйлестіруге, олардың қызметі туралы есептерді тындауға;

7) әйелдердiң кандидатураларын басшы лауазымдарға жылжытуға жәрдемдесуге хақылы.

Азаматтардан келiп түскен өтiнiштердi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша Комиссия материалдарды мәнi бойынша шешiм қабылдау үшiн тиiстi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның қарауына жiбере алады.

Комиссия мүшелерi шақыру бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, мемлекеттiк органдардың жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерi бойынша отырыстарына қатыса алады.

Сараптамалық-талдамалық зерттеулер жүргізу үшін Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен қоғамдық негізде жұмыс істейтін сараптамалық кеңес құрылады.

Сараптамалық кеңестің құрамы Комиссияның отырысында бекітіледі.

Комиссия жұмысын ұйымдастыру

1. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарларынан және оның мүшелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті оның дербес құрамын айқындайды.

2. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзіледi.

3. Комиссия отырыстарының, егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, құқықтық күшi бар болып саналады.

4. Комиссияның отырысқа қатысушы мүшелерi санының қарапайым көпшiлiк дауысымен Комиссия шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.

5. Комиссияның шешiмдерi хаттамалармен ресiмделедi.

 Комиссияның төрағасы:

1) Мемлекет басшысының қарауына Комиссияның дербес құрамы бойынша ұсыныстар енгiзедi;

2) Комиссияның қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;

3) Комиссия отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi;

4) Комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмағанда отырыстарға Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі төрағалық етеді;

5) Комиссия мүшелерiнiң арасынан Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;

6) Мемлекет басшысының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша жүйелi түрде есеп бередi;

7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң актілерiнде және тапсырмаларында көзделген өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.

Комиссия төрағасы болмаған кезде Комиссияның қызмет құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі қол қояды.

Комиссия қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесіне кіретін тиісті сектор жүзеге асырады.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: