Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы
Е Р Е Ж Е
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия (бұдан былай - Комиссия) награда мәселелері жөніндегі ұсыныстарды алдын-ала қарау және әзірлеу, награда заңын іске асыруға жәрдемдесу үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, өнер қайраткерлерінің өкілдерінен құрылады.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Мемлекет басшысы бекітетін Комиссияның төрағасынан, орынбасарынан, хатшысынан және 6-8 мүшесінен тұрады.
Комиссияға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын белгілеу және жою, Қазақстан Республикасының награда мәселелері жөніндегі заңдарының жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныстарды, наградаларға құқықтарды қалпына келтіру, мемлекеттік наградалардың көшірмелерін және олардың құжаттарын беру туралы ұсыныстарын қарау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру, награда практикасын зерделеу және қорыту жүктеледі.
4. Комиссияның:
1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын белгілеу және жою туралы ұсыныстар, награда мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер жобалары туралы қорытындылар, награда заңдарын іске асыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар беруге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айыру, наградаларға құқықтарды қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстар бойынша қорытындылар беруге, мемлекеттік наградалардың көшірмелері мен олардың құжаттарын беруге;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды адамдардан өз жұмысына қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратып алдыруға;
4) награда заңдарын қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері мен лауазымды адамдарды тыңдап отыруға;
5) ерекше көзге түскен азаматтарды мемлекеттік наградалармен наградтау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұсыныстар жолдауға;
6) мемлекеттік наградалар туралы заңдардың қолданылу мәселелері жөніндегі шағымдарды қарауға;
7) азаматтарды наградтау, басқа да награда мәселелері туралы келіп түскен ұсыныстарға қорытындылар әзірлеу үшін қажет болған жағдайда ғалымдарды, жұртшылық өкілдері мен мамандарды тартуға қақысы бар.
5. Комиссия отырыстары қажеттілікке қарай өткізіледі және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқылы деп есептеледі.
6. Комиссия отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Комиссия шешімі сұрау салу тәртібімен де қабылдануы мүмкін.
7. Комиссия шешімдері, ұсыныстары, қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жолданады және Комиссия белгілеген мерзімде міндетті түрде қаралуға тиіс.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі жүзеге асырады.