National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия

Комиссия «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 12 қазандағы №470 Жарлығымен шетелде кадрлар даярлауды одан әрі жетілдіру және оңтайландыру мақсатында құрылды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы (бұдан әрі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы) мен ғылыми тағылымдамалардан өту мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылады.

Республикалық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Республикалық комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Республикалық комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, хатшысы - Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлiгi Республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Республикалық комиссияның негiзгi мiндеттерi:

шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi жалпы стратегияны айқындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына (бұдан əрі – Іріктеу қағидалары) сəйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау, одан айыру туралы шешім қабылдау;

«Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін жұмыскерлердің санаттарын жыл сайын айқындау;

«Болашақ» бағдарламасы түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін үйлестіруді қамтамасыз ету;

ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамалардан өту қағидаларына сәйкес ғылыми тағылымдаманы тағайындау, одан айыру туралы шешім қабылдау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн, негiзгi қызмет үшiн қажеттi өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

Республикалық комиссияның төрағасы республиканың заңдары мен Ережесіне сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Республикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi.

Республикалық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.

Республикалық комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Республикалық комиссияның қарауына ұсынады.

Республикалық комиссияның отырыстары оның жоспарына сәйкес өткiзiледi. Жоспардан тыс отырыстар қажеттiгiне қарай Республикалық комиссия төрағасының шешiмi бойынша өткiзiледi.

Республикалық комиссияның отырыстары комиссия мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысқан жағдайда құқықтық күшi болады.Республикалық комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерi санының кем дегенде төрттен үшiнiң дауысымен қабылданады.

Республикалық комиссияның жұмыс органы:

«Болашақ»  халықаралық стипендиясына үмiткерлердiң жеке iстерiнiң мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды белгiлейдi;

«Болашақ»  халықаралық стипендиясы шеңберiнде шетелде оқыту үшiн ұқсас мамандықтар тiзбесiн, «Болашақ»  халықаралық стипендиясы иегерлерiн оқыту және олардың ғылыми тағлымдамадан өтуi үшiн ұсынылатын шетелдiк жетекшi жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтарының және зертханаларының тiзiмiн, «Болашақ»  халықаралық стипендиясын тағайындау үшiн бағалар баламалылығы кестесiн бекiтедi;

«Болашақ»  халықаралық стипендиясы бойынша iс-шараларды iске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде шет елдердiң уәкiлеттi органдары және/немесе шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары, зертханалары және/немесе шет мемлекеттердiң уәкiлеттi органдары айқындайтын оқытуды ұйымдастыру жөнiнде қызмет көрсететiн шетелдiк ұйымдар ұсынған құжаттардың негiзiнде «Болашақ»  халықаралық стипендиясы иегерлерiнiң оқуы мен ғылыми тағлымдамасын ұйымдастыруға байланысты шығыстар нормаларын әзiрлейдi;

«Болашақ»  халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурс өткiзу мерзiмдерiн бекiтедi;

мүдделi мемлекеттiк органдармен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми және өзге де ұйымдармен келiсiм бойынша тәуелсiз сараптама комиссиясының құрамын, оның жұмысының тәртiбiн және ұйымдастырылуын, сондай-ақ үмiткерлердiң тәуелсiз сараптама комиссиясының мүшелерiмен дербес әңгiмелесуiн бағалау парағын бекiтедi;

мемлекеттiк тiлдi бiлудiң және шетелдiк жоғары оку орындарының, ғылыми орталықтардың, зертханалардың талаптарын ескере отырып, шет тiлiн бiлудiң қажеттi ең төменгi деңгейiн және пәндiк емтихандар бойынша ең төменгi шектi балын, сондай-ақ психологиялық тестiлеу бойынша ең төменгi шектi балын белгiлейдi;

үмiткерлердiң материалдарын Республикалық комиссияның қарауына енгiзедi;

«Болашақ»  халықаралық стипендиясы бойынша iс-шараларды қамтамасыз ету және iске асыру үшiн қажеттi, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де функцияларды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ»  халықаралық стипендиясы иегерлерiнiң, стипендиядан айыру мәселелерiнен басқа, өтiнiштерi мен арыздарын қарау жөнiнде комиссия құрады.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару