Кеңестiң мiндеттерi:
Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі - Қор) пайдалану және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне жәрдем көрсету және ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Кеңестiң функциялары:
1) Қорды қалыптастырудың және пайдаланудың тиiмділігін арттыру жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
2) Қорды пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiндегi ұсыныстарды қарау және әзiрлеу;
3) материалдық емес активтердi қоспағанда, Қорды орналастыру үшiн рұқсат етілген қаржы құралдарының тiзбесi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару кеңесінің құрамы (қызметі бойынша):
- Қазақстан Республикасы Президенті – Кеңес төрағасы
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (келісім бойынша)
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы (келісім бойынша)
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары
- Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
- ҚР Ұлттық экономика министрі
Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болып табылады.