National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы кеңестер

Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

 

Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының (бұдан әрі – Қор) қаражатын пайдалану және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

 

Кеңес міндеттерін орындау үшін:

1) Қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

2) Қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері бойынша ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;

3) қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға жіберілетін, Қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемдері мен бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;

4) жобаларды сараптау нәтижелерін ескере отырып, Ұлттық әл-ауқат қорының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу жолымен Қор қаражаты есебінен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;

5) Қорда орналастыру үшін материалдық емес рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен тізбесі жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

6) БЖЗҚ активтерді қоспағанда, жасалған мәмілелердің зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

7) БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттары жөнінде ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;

8) БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

9) БЖЗҚ қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарауды;

10) Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқару нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті қарауды жүзеге асырады.

 

Кеңестің құрамы 

Кеңес төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

Кеңестің мүшелері қызметі бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып табылады.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару