National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Самарқанд қаласында өткен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының екінші кездесуіне қатысты.

Жиынға қатысушылар өңірлік қауіпсіздіктің өзекті бағыттары, оның ішінде терроизмге, экстремизмге, радикалдану үрдісіне және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Тараптар Орталық Азияның экологиялық және су-энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында өзара ықпалдастықты жандандыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ күн тәртібінде Орталық Азия өңіріндегі көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аймақтың транзит-көлік әлеуетін дамыту үшін  ортақ күш-жігер жұмылдыру мәселесі  қарастырылды.

Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне аталған мәселелер бойынша еліміздің ұстанымын жеткізді. Су-энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты бірқатар ұсыныс айтты. Халықаралық терроризмнің сын-қатерлеріне және экстремистік идеологияның таралуына тосқауыл қою тиімділігін арттыру мақсатында белсенді ақпарат алмасу қажет екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Құжатта тараптар өңірлік қауіпсіздікті нығайту жолындағы өзара ықпалдастықтың нақты бағыттарын белгіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы