National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдәулетов ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуіне қатысты

Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XIII кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Жиында өңірлік қауіпсіздік жағдайы жөнінде жан-жақты пікір алмасу болды. Тараптар ТМД аумағындағы сын-қатерлер мен қауіптерді және оған бірлесіп ден қою шараларын талқылады.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы әріптестерін еліміздің негізгі бағыттар бойынша ұстанымымен таныстырып, ынтымақтастықты дамыту жөнінде бірқатар ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, халықаралық террористік желілердің қызметін тоқтату, есірткі қылмысына және цифрлық активтермен операциялар салаларындағы теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен шараларды күшейту мәселелері қаралды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы