National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы кеңестер

Ұлттық инвесторлар кеңесі

Президент жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес, мемлекет пен кәсiпкерлердiң өзара iс-қимылын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі №791 Жарлығымен құрылды.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, нарықтық экономиканың дамуын және отандық инвестицияларды ел экономикасына тартуды ынталандыратын жағдайлар жасау мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің қызметін шоғырландыру;

3) кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де маңызды мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Кеңестің төрағасы болып табылады.

Кеңестің мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасы төрағасының ұсынымы бойынша Ұлттық палата төралқасының мүшелерінен, сондай-ақ жұмыс органының ұсынымы бойынша компаниялардың бірінші басшыларынан қалыптастырылады.

Кеңес мүшелерінің жалпы саны елу адамнан аспайды.

Мемлекеттік органдар өкілдерінің саны он адамнан аспайды.

Кеңестегі Ұлттық палата төралқасы мүшелерінің саны жиырма адамнан аспайды.

Кеңестегі компаниялардың бірінші басшыларының саны жиырма адамнан аспайды.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы