National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты келіп түскен көңіл айту жеделхаттары

2023 жылғы 30 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары әлі келіп жатыр.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қайғылы оқиғаға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтты.

«Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қытай Үкіметінің және халқының, сондай-ақ өзімнің атымнан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Көңіл айту жеделхаттарын Болгария Президенті Румен Радев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонг, Эстония Президенті Алар Карис, Албания Президенті Байрам Бегай, Того Республикасының Президенті Фор Гнассингбе, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвиянович, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Каха Имнадзе, Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабиров және басқалар жолдады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің