National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев Американың ірі еврей ұйымдары президенттері конференциясы төрағасының атқарушы орынбасары Малькольм Хонлайнді қабылдады

2022 жылғы 14 қыркүйек

Кездесуде Қазақстан Президенті мен Американың ірі еврей ұйымының басшысы діндер мен мәдениеттердің жаһандық диалогын тереңдету мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы форумға белсенді қатысқаны үшін мейманға алғыс айтып, қоғамның дәстүрлі негіздерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ бұл игі іс адамдардың сенімі мен рухани ілімін ұдайы нығайтатын барлық конфессияға тән екеніне сенім білдірді.

Өз кезегінде Малкольм Хонлайн Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізудің өзектілігі мен форумның дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің