National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың LY iTECH және HGTECH Co. Ltd компанияларының басшыларын қабылдады

2023 жылғы 13 қыркүйек

Мемлекет басшысы LY iTECH компаниясының төрағасы Цзэн Фанцинь мен HGTECH Co. Ltd компаниясының төрағасы Ма Синьцянды  қабылдады.

Президентке тұрмыстық техникалардың, автокөліктер мен смартфондардың қосалқы бөлшектерін шығаратын және инновациялық технологиялар саласында жұмыс істейтін Қытайдың ірі жоғары технологиялық кәсіпорындары жөнінде мәлімет берілді.

Әңгімелесу барысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қосалқы бөлшектер мен лазерлік құрылғы өндіру үшін Қазақстаннан сирек кездесетін металдарды тұрақты түрде жеткізу ісін жолға қою перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар еліміздің инновациялық әлеуетін нығайту мәселелері де қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің стратегиялық серіктес екенін, соның ішінде Қытайдың «Бір белдеу – бір жол»  жаһандық бастамасы аясында ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің