National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

2021 жылғы 25 наурыз

Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің көрнекті мемлекет қайраткері және танымал саясаткері, Қаржы және өнеркәсіп министрі Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның дүниеден өтуіне байланысты БАӘ-нің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әміршісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

«Шейх Хамдан Әмірліктердің дамуы мен өркендеуі, халқының игілігі мен мүддесі жолындағы ұзақ жылдар бойы атқарған мінсіз қызметінің арқасында зор құрметке ие болғаны баршаға белгілі. Қазақстан халқы да ағаңыз Шейх Хамдан Әл Мактумды екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына сүбелі еңбек сіңірген еліміздің нағыз досы, тілектес бауыры ретінде әрдайым есінде сақтайды. Жоғары мәртебелі Шейх Мұхаммед, орны толмас ауыр қайғыңызға ортақтасып, бүкіл қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге және Әмірліктер халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің