National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады

2021 жылғы 05 мамыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады.

– Бүкіл халық қолдаған Ата заң Қырғызстанның ұзақмерзімді даму стратегиясының берік негізін қалайтын, ел егемендігінің қорғаны болатын және қоғамды біріктіретін басты құжат. Сіздің бастамаларыңыз бен реформаларыңыздың сәтті жүзеге асуы қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және елдің халықаралық аренадағы беделін көтеруге септігін тигізеді. Қазақстан Қырғызстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы ретінде бауырлас қырғыз халқына алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсете беруге дайын, – делінген жеделхатта.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының игілігі мен өсіп-өркендеуі жолындағы Садыр Жапаровтың жауапты қызметіне толағай табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің