National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Surbana Jurong тобының бас директоры Вонг Хеанг Файнды қабылдады

2021 жылғы 29 қыркүйек

Мемлекет басшысының сингапурлық Surbana Jurong компаниясының бас директоры Вонг Хеанг Файнмен кездесуінде Алматы агломерациясын дамытуға қатысты инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.

Президентке компанияның Алматы облысындағы «G4 City» деп аталатын жаңа төрт қаланың құрылысын отандық инвесторлармен серіктесе отырып жүргізу жөніндегі жоспары таныстырылды. Қазіргі уақытта «G4 City» құрылысының жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы мен Мастер-жоспар әзірленген. Бұл Жол картасы қала құрылысының құжаттарын дайындау, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мәселелерін қамтиды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурмен инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың стратегиялық маңызына тоқталып, аталған жоба бойынша шетелдік серіктестерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні туралы айтты.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің