National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Ғизат Нұрдаулетов Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының жиынына қатысты

Бішкекте «Орталық Азия – Үндістан» форматында ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңес хатшылары мен кеңесшілерінің үшінші кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Кездесу қарсаңында делегация басшыларын Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдады.

Жиын барысында жаңа сын-тегеуріндер мен өңірлік қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерінің кешені қаралды.

Өз сөзінде Ғизат Нұрдәулетов халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Орталық Азия мен Үндістан арасындағы көлік байланысын дамытуға ерекше назар аударылып, экономикалық өзара байланысты қамтамасыз ету тетіктері мен киберқауіпсіздік саласындағы әріптестікті дамыту жолдары ұсынылды.

Басқосу аясында үнді тарапының бастамасымен Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы мен Үндістанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалдың екіжақты кездесуі өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы