National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.

Тараптар кездесу барысында қауіпсіздік пен осы саладағы өзара іс-қимылдардың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Әскери және әскери-техника саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, сондай-ақ  киберқауіпсіздік және басқа да бағыттардағы жаңа сын-қатерлер қарастырылды.

Коронавирус пандемиясының әлемде әлі де жалғасып жатқанын ескере отырып, консультацияның күн тәртібіне бүгінгі күннің талабына орай, биологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесі туралы мәселе енгізілді.

Сонымен қатар Қазақстан мен Беларусь тарапы Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау жөніндегі қызметті ұйымдастырудың өз тәсілдерін ұсынды.

Жұмыс қорытындысы бойынша Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев пен Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович екі елдің Қауіпсіздік Кеңестері аппараттарының арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару