Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Астанада 2022 жылы бой көтерген Бас мешітке барды. Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.