Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды. Мәртебелі меймандар ұлттық киім үлгілері, қолөнер, әдет-ғұрып пен музыкалық аспаптар, халық ойындары көрсетілген түрлі тақырыптық аймақты тамашалады. Қазақ халқының бай тарихы мен рухани құндылықтарын танытатын аңшылық және кескіндеме өнеріне баса назар аударды.