
1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Қазақстанның Теңіз кен орнында орналасқан MI Drilling Fluids International (Schlumberger) компаниясына ерітінділерді бұрғылау инженері болып жұмысқа қабылданған.
2002 жылы Schlumberger компаниясының Қазақстандағы филиалынан компанияның мансаптық даму бағдарламасына іріктеуден өтіп, АҚШ-тың, Малайзияның және Батыс Сібір кен орындарында тағылымдамадан өткен. Қазақстанға оралғаннан кейін бизнесті дамыту менеджері болып жұмыс істеді, содан кейін Қазақстандағы MI Drilling Fluids International филиалының басшысы болып тағайындалды.
2007-2010 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.
2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры.
2012-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.
2013-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрінің орынбасары.
2014 жылдан 2019 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
2021 жылы қыркүйектен 2022 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
2022 жылы 13 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2022-2024 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы
2023-2025 «Kazenergy» қауымдастығының төрағасы
Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және т.б. мерейтойлық төсбелгілермен марапатталған.